Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың кіші қызы демалыста түскен керемет фотосуреттерін жариялады

Қазақстанның тұңғыш президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева отбасымен бірге өткізіп жүрген жазғы демалысынан суреттер жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаеваның Instagram парақшасында демалыста түскен алғашқы фотосурет бір апта бұрын пайда болды. Суретте ол теңіз ортасында, қайыққа отырып түскен.

Сурет астындағы жазбада Елбасының кіші қызы отбасылық құндылықтардың маңызы туралы айтады.

"Уақыт өте келе мен біздің алғашқы қасиетті кітаптарымыз, біліміміз, жаңалықтарымыз, даналық, махаббат пен өмір сабақтары – бұл ата-анамыз, өміріміздің қайнар көзі екеніне толық сенімді болдым. Бүгінде мені қиындықтарды шыдамдылықпен жеңіп, үміттін жоғалтпай қол ұстасып жүрген адамдар жігерлендіреді және қуантады. Бұл із-түссіз және бір күнде жоғалып кетпейді, өйткені олар бір-біріне түсінікті құндылықтармен байланысты", – деп жазды Назарбаева.

Сондай-ақ ол қыздарымен бірге суреттермен бөлісті. Назарбаеваның бұл суреттеріне балаларды тәрбиелеу ережелері туралы ойлар жазылған.

"Өз баласы үшін нағыз дос бола алатын ата-аналар оны кез келген жағымсыз әсерлерден жақсы қорғайды", – дейді ол.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева Instagram-дағы жазбаларында  жазғы демалысын өткізіп жатқан ел мен курортты көрсетпейді. Қазақстандық әйел суреттерге "күш орны" ретінде құпия түрде қол қояды.

Гүлдана Қазтай
Сенбі, 26 Маусым, 2021 11:51
Талқылау