AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру тоқтатыла ма: Қаржы министрі жауап берді

 Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерулан Жамаубаев "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңның күші жойылған жағдайда оның кеңсесін қаржыландыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңнан бөлек "Президент туралы" конституциялық заң бар. Сол жерде бұрынғы президенттерді қаржыландыру мәселесі де қарастырылған.

"Бірнеше конституциялық заң бар ғой. Жалпы, "президент" және "бұрынғы президент" деген бар. Олардың барлығы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Бұл тек Қазақстанның тәжірибесі ғана емес, дүниежүзінде солай – президент кезінде оның жұмысын қамтамасыз етуге қаражат бөледі, сосын президенттіктен кетеді ғой, экс-президент болған кезде жүріп-тұруына қаржы қарастырылады", - деді Жамаубаев. 

Министрдің сөзіне қарағанда, экс-президентке қатысты заңнамаға өзгеріс енгізілсе, қаражат бөлінбейді. Ал "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заң оған әсер етпейді.

"Егер "экс-президенттер мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайды" десе, онда, әрине, алып тастаймыз. Бірақ қазір ондай сұрақ туындап тұрған жоқ", - деп атап көрсетті Жамаубаев.

Айта кетері, бұған дейін "Ашық НҚА" порталында "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің жобасы жарияланған болатын.

Осы құжатта Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының қызметін қамтамасыз етуге 1,2 миллиард, ал Тұңғыш Президент кітапханасына 1,3 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Бүгін сенат заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр