Назарбаевтың қарындасына тиесілі компания Қытайдан тауарларды заңсыз әкелумен айналысқан
Коллаж: Stan.kz
Алматыда Қытайдан Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен әкелу және аса ірі мөлшерде жалған шот-фактуралар жазу дерегі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Тергеу барысында "Group of the Companies TDA" ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін пайдаланып, Қытайдан 100-ден астам контейнерді заңсыз жолмен елімізге кіргізгені, сондай-ақ бақылауындағы 10 ЖШС арқылы жалған шот-фактуралар жасағаны анықталды.
Kompra деректеріне сәйкес, Group of the Companies TDA компаниясының құрылтайшылары ретінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы Әнипа Назарбаева мен Әли Қылышпаев көрсетілген. Компанияның алғашқы басшысы қызметін де Әли Қылышпаев атқарады екен.
Назарбаевтардың шетелдегі активтері қылмыс болып саналмайды – Қаржы мониторингі агенттігі
Агенттік мәліметінше, мемлекетке келтірілген залал 10 млрд теңгені құраған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды. Сондай-ақ сот санкциясымен жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке шектеу қойылды.
Бұған қоса, аталған компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.
Алматының Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар мүлкін тәркілей отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сонымен қатар, іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.
Еске салсақ, бұған дейін Назарбаевтың қызы Қазақстан-Британ техникалық университетін мемлекетке қайтарғаны туралы жазған едік.

Қазақстандық қыз АҚШ-қа оқуға барып, жүкті екенін білді: Ол қолындағы баласымен Йель университетін бітіріп, Стэнфордқа түскен
