Назарбаевтың экс-күйеу баласы қайтыс болды
Қырғызстанның тұңғыш президенті болған Асқар Ақаевтің ұлы мен жиені қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сурет: ztb.kz сайтынан
44 жастағы экс-президенттің ұлы Айдар Ақаевтің жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны құтқара алмапты. Ал 59 жастағы Құбан Ақаев аурудың салдарынан көз жұмыпты. Құбан Ақаев - Асқар Ақаевтің ағасы Шілтен Ақаевтің ұлы.
Естеріңізге салайық, 2005 жылы Қырғызстандағы халық президентке қарсы шығып, көтеріліс жариялаған еді. Осының салдарынан Асқар Ақаев лауазымын босатып, елден қашып кеткен. Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшіп барған. Осы кезден бастап Айдар Ақаев жеке кәсібін ашып, айналысыпты.
Бақилық болған Айдар Ақаев Әлия Назарбаеваның күйеуі болған.
Айдардан бөлек Асқар Ақаевтің тағы үш баласы бар: Бермет, Саадат, Ілім
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”