Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жиналыста отырғанда жүрегі тоқтап қалды: Назарбаевтың досы қайтыс болды

Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Сатыбалды Ибрагимов Шымкентте 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен иықтасып жүрген металлург Шымкенттің басшысымен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде көз жұмды. Бұрынғы депутат жиналғандарға қазіргі қоғамның мәселелері туралы айтты.

«Бүгін, қасиетті жұмада, қымбатты жерлесіміз және тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлға Сатыбалды Ибрагимов мезгілсіз қайтыс болды. «Қымбатты» деген сөз бекерге айтылған жоқ. Сатыбалды аға өзінің тірі кезінде де ұлтының ұлы екенін дәлелдеді. Тіпті ақсақалдың соңғы сөзі туған еліне арналды», - дейді  қалалық әкімдікте.

Сатыбалды Ибрагимов Қазақстанның тұңғыш президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге жұмыс істеді және отандық металлургияның дамуына өз үлесін қосты.

Ибрагимов Нұрсұлтан Назарбаевпен Днепродзержинскіден (Украина) достасып, екеуі де техникалық училищеде білім алды.

Сатыбалды Ибрагимов 1940 жылы 13 наурызда Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында дүниеге келген. Украиналық кәсіптік училищені және Мәскеудегі Патриса Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін бітірген. Ол экономика ғылымдарының докторы болатын.

Еңбек жолының басында ол Теміртау қаласында балқыту зауытында жұмыс істеді. 1988-2000 жылдары «Қазақайма» фирмасының вице-президенті, «Кармет-Оңтүстік» серіктестігінің президенті, Теміртаудағы Лондон қаласындағы «Успатнит» бас кеңсесінің өкілі, «Казхром» компаниясының президенті болды.

2004-2007 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) сайлау округінен мәжіліс депутаты болды. 2007-2011 жылдары «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша IV шақырылымдағы мәжіліс депутаттыққа кандидат болды.

Талқылау