Назарбаевтың баспасөз-хатшысы Елбасының "өкілеттілікті тоқтату туралы мәлімдеме жасаған" видеосына қатысты пікір білдірді
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз-хатшысы "Елбасы мәлімдемесі" деп таралған видео - жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз-хатшысы Айдос Үкібай желіде тараған Елбасыға қатысты видеоға байланысты пікірін білдірді.
"Желіде тарап жатқан "Елбасы мәлімдемесі" делінген видео жалған екенін айтқым келеді. Алаяқтар жауапкершілікке тартылатын болады. Мұндай ақпараттарды таратудан аулақ болуды, жаңалықты тек ресми парақшалардан тексеруді сұраймын", - деп жазды Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Желіде таралған фейк видеода Нұрсұлтан Назарбаев "Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттілігін тоқтататынын" айтады.
Елбасының әр түрлі жолдау, мәлімдемелерінен құрастырылып жасалған бұл видеода оның отставкаға кетуі жайлы үзінді келтірілген. "Болашақ жас буын Қазақстанды гүлдендіре түссін", - деп қорытындыланады видео.
Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
