Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Birgemiz қорындағы «мәжбүрлік қайырымдылыққа» қатысты пікір білдірді 

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Birgemiz қоғамдық қорына қайырымдылық тек бизнес қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлерден қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Stan.kz.

"Еліміздің бірнеше аймағында Birgemiz қоғамдық қорына мемлекеттік қызметкерлер ерікті-мәжбүрлі түрде қайырмалдық жасап жүргендері туралы ақпарат пайда болған. Мұндай "бастамаларға" жол берілмейді. Барлық қайырымдылық тек ерікті негізде жүзеге асырылуы керек», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-інде.

Ол Birgemiz қоғамдық қорына қайырымдылық тек бизнес қауымдастық өкілдері мен кәсіпкерлерден қабылданатынын еске салды.

«Яғни, бірінші кезекте Елбасының үндеуі қатысты болғандар», - деп атап өтті Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тұңғыш президент қазақстандықтарға президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкіметтің коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүзеге асырылып жатқан әрекеттерін қолдауға шақырған болатын. Елбасы осы қиын-қыстау кезеңде елге көмектескісі келетін және көмектесетін адамдардың қаражатын жинайтын республикалық қор құруды ұсынды.

Eurasian Resources Group өз кезегінде республикалық қор құруға 4,5 миллиард теңге бөлді.

Сондай-ақ, үндеуден кейін Болат Назарбаевтың «Салиқалы Орпақ» қоры COVID-19 коронавирусының зардаптарымен күресу үшін өз қаражатынан 150 млн теңге бөлді. Бұған дейін Қазақстандық машина жасау одағының мүшелері отандастарын сабырлылық пен шыдамдылыққа шақырған болатын. «Саби» қоры Kaspi.kz-пен бірлесе отырып, экспресс-тесттерді сатып алуға 200 млн теңге бөлген.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 23 Наурыз, 2020 18:39
Талқылау