Назарбаев Қазақстанның билеуші партиясының басшысы қызметінен босатылады
Nur Otan кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter парақшасында жазды.
"Nur Otan" саяси кеңесінің қаулысымен (жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің келесі күн тәртібі бекітілді: 1. Партия төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы", - деп жазды Байбек.
Съезде Nur Otan партиясының қазіргі басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен босатылып, орнына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болады деп жоспарланған.
Айта кетері, Nur Otan партиясының XX съезі 2020 жылдың қарашасында өтті.
Бұған дейін 2022 жылдың 28 қаңтарында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданғаны хабарланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”