Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтар әулеті зиратындағы жаңа жерлеу орны туралы әкімдік түсініктеме берді

Фото: Stan.kz / ЖИ көмегімен жасалған

Желіде Назарбаевтар әулетінің Шамалған ауылындағы зиратында жаңа қабір пайда болғаны туралы ақпарат пен суреттер тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ бұл қабірге жуырда Сара Назарбаева жерленді деп болжаған еді. Осыған байланысты редакция Қарасай ауданының әкімдігіне ресми сауал жолдады.

Әкімдік өкілдері Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратында 2024 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған басқа адамның жерленгенін мәлімдеді.

"Жерлеу рәсімі діни дәстүрлер мен жөн-жоралғыларға сай жүргізілді. Қазір қабірде жазулар мен көрсеткіш тақтайшалар жоқ. Алайда марқұмның туыстарының айтуынша, жақын арада қабіртасты орнату жоспарланған", – делінген әкімдіктің жауабында.

Кей дерек көзіне сенсек, бұл зират жаңа емес. Мұнда Светлана Назарбаева жерленген. Айта кетейік, Светлана Назарбаева – Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні. Оның қайтыс болғаны туралы 2024 жылдың 22 қазанында белгілі болды.

Сонымен қатар президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін қайта растады.


"Ұшағы мен қызметкерлері қатаң бақылаудан өтетін": Қарлығаш Жақиянова Сара Алпысқызы туралы естелік жариялады


Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Алпысқызының қазасы туралы ақпаратты жоққа шығарды


Еске салайық, бұған дейін Сара Назарбаеваның Ұлттық госпитальде ауыр халде жатқаны хабарланған еді. Кейіннен Ұлттық госпиталь Сара Назарбаеваның сырқатына қатысты пікір білдірген. Аурухана пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістеріне және нәтижелеріне қатысты басқа ақпаратты, медициналық құпияны негізге ала отырып, жария етпейтінін мәлімдеген. 
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 16:50
Талқылау