Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтар әулетінің мүшелері "Қайрат" – "Реал" ойынын көруге келмек

Дариға, Әлия, НұрәліКоллаж: Stan.kz

30 қыркүйекте Алматы орталық стадионында өтетін "Қайрат" пен "Реал" футбол клубтарының ойынын көруге Назарбаевтар әулеті де келмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ertenmedia сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева тамыз айының соңында Алматыға келген. Әлия Назарбаеваның айтуынша, алдағы күндері елге Нұрәлі Әлиев келеді. Нұрәлі – Назарбаевтың немересі, ол бұрынғы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың қызы Аидаға үйленген.

"Қайрат" футбол клубының иесі – Қайрат Боранбаев. Оның қызы Назарбаевтың немересіне тұрмысқа шыққан еді. Боранбаев Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің қатарында тұрақты аталып жүрді. Forbes дерегінше, 2021 жылы оның байлығы 590 миллион доллар деп бағаланған.

Назарбаевтар әулетінің мүшелері "Қайрат" – "Реал" ойынын көруге келмек. 

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығатынын жаздық. Бұдан бөлек "Қайрат" футбол клубы әлеуметтік желілерде тарап жатқан "Реал Мадридпен" өтетін матч билеттеріне қатысты хабарландырулардың жалған екенін мәлімдеді. Клуб билеттерге қатысты ресми дереккөздер тек ресми сайт пен әлеуметтік желідегі парақшалар екенін ескертті.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Қыркүйек, 2025 17:39
Талқылау