Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсынған Мәди Ахметовтің басы тағы да дауға қалды

Мәди АхметовФото: instagram.com/madi_akhmet

Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің аты тағы да қоғамдық талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл жолы шенеунік облыста өткен ресми форум барысында жиын аяқталмай тұрып залдан шығып кеткені үшін сынға ұшырады. Оның бұл әрекеті қоғам белсенділерінің ашуын туғызды.

Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен өткен жиын құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, форумда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, мал ұрлығы және отбасылық зорлық-зомбылық сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Бұл – жастардың қатысуын және ұсыныстарын талап ететін маңызды алаңдардың бірі болды.


Экс-депутат Мәди Ахметов әскери борышын неге өтемеді – Қорғаныс министрлігі жауап берді


Форумның дәл қызған шағында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің сыртқа шығып, әріптестерімен әңгімелесіп тұрған сәтін қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева видеоға түсіріп алған. Кейін бұл жазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Белсенді шенеуніктен бұл әрекетінің қаншалықты этикаға сай екенін сұраған. Өз кезегінде Ахметов түсініктеме беруге тырысқанымен, жергілікті белсенді де, желі қолданушылары да оған риза болмады.

Айта кетейік, ең жас депутат ретінде есте қалған Мәди Ахметов 2023 жылдың соңында Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Маусым, 2025 19:29
Талқылау