Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев жаңа әліпбидің соңғы нұсқасыны бекітілетінін ресми түрде жариялады

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

“Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр”, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің танымал жазушылары латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шыққан болатын.

Тағы да оқыңыз:

Сағынтаев баспана кезегі үлкен өңірлерде үйлер аз салынып жатқанын айтты

Оралдық жігіт шымкенттік науқас қызға бір бүйрегін беріп, өмірін арашалап қалды

Биыл қандай жолдар ақылы болады?

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

Талқылау