Назарбаев видео үндеу жасады
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев видео үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
"Біз бәріміз қазір қиыншылықтардан өтіп жатырмыз. Барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын, тілектеріңізге орай мен емделдім. Сіздерге үлкен рақмет! Қазір ауырып, қиналып жатқан адамдар бар, олардың тезірек сауығып кетулерін қалаймын және олардың сауығып кететініне сенемін. Біз бұған сенуіміз керек. (...) Біздің ата-бабаларымыз басынан қанша қиындық өткерді және біз де бәрін жеңеміз, - деді Елбасы.
Еске салайық, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев 80 жасқа толды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн