AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Университетінің Президенті Ш.Катсу NU даму нәтижелері туралы баяндады

Назарбаев Университетінде (НУ)  Түлектердің онлайн Форумы өткізіліп, оның барысында университет президенті Шигео Катсу мырза соңғы 10 жылдағы даму нәтижелерімен бөлісіп, НУ-дың 2030 жылға дейінгі негізгі векторлары мен міндеттерін айқындады. 

НУ

Назарбаев Университеті өткен жылы алғашқы 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстанның ең маңызды академиялық жобасы қандай?  

Назарбаев Университеті 2010 жылы Кэмбридж (Cambridge), Дьюк (Duke), Пенн (Penn), Лондон университеттік колледжі, оның ішінде Берклидегі Лоуренс атындағы ұлттық лаборатория және Питсбург медициналық орталығы секілді әлемдік деңгейдегі үздік әлемдік университеттермен ынтымақтастықта құрылған. Осы кезең аралығында 22 жоғары білім беру бағдарламалары, 30 магистр дәрежесінің бағдарламалары іске қосылып, батыс стандарты бойынша сертификатталған 58 мемлекеттен келген профессорлар мен оқытушылар дәріс беруде. 

"2006 жылы Еуразияның жүрегінде әлемдік деңгейдегі университет құру идеясына бастама жасаған Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың тарихи ойының арқасында, біз инженерия және цифрлық ғылымдар, тау-кен ісі және геология, медицина, гуманитарлық ғылымдар, бизнес, мемлекеттік саясат пен білім бойынша мектеп ашып, басты академиялық салаларды қамтыдық. Бүгінгі таңда Назарбаев Университеті өзін Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның ең үздік университеті ретінде ұсына алады, алайда мұндағы негізгі сәт – әлемнің топ 200 үздік университеті қатарына кіру мақсатында әлемнің жетекші агенттіктерінің аккредитациясын алу. Осы маңызды міндеттің айналасында қазіргі таңда біздің басқарушылық тобымыздың күші шоғырлануда", – деді Шигео Катсу. 

Осылайша, НУ-дың 5000 ғылыми жарияланымының үштен бір бөлігі әлемнің топ-10 ғылыми журналына келеді. Назарбаев Университетіне Батыс Еуропа мен Ресейдің жетекші университеттері сілтеме жасайды, НУ құрамына Цинхуа Университеті (Қытай), Сеул Университеті, Сауд королінің Университеті, Сингапур Ұлттық университеті, Токио университеті кіретін  Азия Университеттерінің альянсын басқарады. 

"Назарбаев Университеті түлектердің алты буынын шығарып үлгерді, олардың жалпы саны 6 800 адамнан асады. Алдағы уақытқа белгілеген стратегиямыздың шеңберінде НУ-да алдағы төрт жылда 9-10%-ға және 2030 жылға дейін 12-15%-ға жетуі тиіс халықаралық студенттер санын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Студенттердің жалпы саны 2025 жылға дейін қазіргі 6 000-нан 8 000-ға дейін және 2030 жылға дейін 10 000-ға ұлғаятын болады", – деп атап өтті университет басшысы. 

НУ бизнесті дамытуда, коммерцияландыру және өнертабыстарды патенттеуде зерттеушілерге көмек көрсете отырып, инновациялар мен технологиялар жөніндегі өз тобының негізін қалады. НУ форумдар және серіктестік бағдарламаларын өткізу арқылы бүкіл қазақстандық ЖОО-мен тәжірибесімен бөліседі – жыл сайын 1500-дан астам қатысушылар қатысатын 50-дей іс-шара өткізіледі. Осы уақытқа дейін НУ студенттері мен зерттеушілері 100-ден астам жобаны іске қосып, халықаралық тараптан шамамен 1 миллион АҚШ долларын алды, 25 жобаны университеттің өзі қаржыландырып, 83 патент алды. 

"НУ миссиясы – Елбасының өсіп-өркендеуші Қазақстанды құрудағы ойлары мен идеяларын қолдайтын дарынды жастар буынын қалыптастыра отырып, бүкіл қазақстандық білім беру жүйесі үшін жоғары білім берудің заманауи жүйелерінің локомотиві және негізгі үлгісіне айналу. Бұл Назарбаев Университетінің оқытушылары мен басшылығының жұмысындағы күнделікті маңызды міндет болып табылады", – деп қорытындылады Шигео Катсу. 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр