Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев туған жер туралы ән жазып, оған бейнебаян түсірді (видео)

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отаны туралы ән жазып, оған бейнебаян түсірді. Жазба Елбасының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Видеодан Назарбаевтың өз әнін айтып, жазық дала бойымен келе жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, бейнебаянға балалар да атсалысқан. Кәсіби музыкашылар да Елбасымен қосылып аталған әнді орындап отыр. 

«Мен көптеген елде болдым. Бірақ олардың ешқайсысы менің туған қазақ жеріммен, Алатаудың баурайындағы үш тауыммен салыстыруға келмейді. Бұл жерде менің балалық шағым өтті. Бұл менің тамыр жайған жерім», - деп жазды Назарбаев видеоның тұсына. 

 

Әнді Елбасының өзі, ал музыкасын сазгер Алтынбек Қоразбаев жазған. Шілде айының басында Назарбаевтың плейлистіндегі әндер тізімі жарияланған болатын. Саясаткердің сүйікті әндері -  «Менің жұлдызым», «Көзімнің қарасы», «Беу, айдай», «Сәулем-ау». Сондай-ақ, бұл тізімге Назарбаевтың отанына деген сүйіспеншілігін көрсететін өзге де әндер кірген. 

Талқылау