Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін

Еліміздің бас қаржыгері бюджетті қалай толтырғанын айтып берді. Бүгін президент Қаржы министрін кабинетіне шақырып тапсырған ауқымды істерінің  қалай орындалып жатқанын сұрастырды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

nazar

Фото: uralskweek.kz

Есепке жүйрік Бақыт Сұлтанов саннан шатысқан жоқ. Тапшылықты айтпағанда, республикалық бюджеттің түсімі 7,4 пайызға өсіпті. Бұл әсіресе, салықтан түскен пайда. Қаржы министрлігіне Елбасы екі ауқымды шаруаны сеніп тапсырған. Біріншісі – мүлікті заңдастыру, екіншісі – мемлекеттік мекемелерді жаппай сатып жекенің қолына беру. Жекешелендіруді президент әділ әрі ашық өткізуді жүктеді.

“Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін. Бұған мемлекетімізде рұқсат бар. Қаржы министрлігі 5 миллионға сатып алған үйін жүз мың деп көрсеткендерді жіті бақыласын. Яғни, біз осыншама ақшаға үй сатып алуға рұқсат береміз. Ал рұқсат бар жерде, салық та бар”, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.


Жіберіп алмаңыз:

Допинг дауына іліккен спортшыларға қатысты министрлік мәлімдеме жасады

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары енді күзетші болып жұмыс істеуде

Талқылау