Назарбаев: Терминдерді қазақ тіліне аударудағы “жаңалықтар” күлкіңді келтіреді
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік терминдерді қазақ тіліне аудару тәжірибесін сынға алды.
“Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған, деп хабарлайды Sputnik.
Мұндай “жаңалықтар” кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, “ғаламтор” (Интернет), “қолтырауын” (крокодил), “күйсандық” (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр”, — дейді президент Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
Елбасының айтуынша, осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.
Президент латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
“2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет”, — деді елбасы.
Тағы да оқыңыз:
Елбасы Жолдауында ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады
Елбасы мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді
Сот алдында жауап берген Бишімбаев өзіне қысым көрсеткен тергеушілердің атын атады