Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев мектептерінің атауын өзгерту асығыс шешім – Министр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев зияткерлік мектептерінің атауын өзгерту туралы мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: vs.nis.edu.kz

Бейсембаевтың айтуынша, Назарбаев мектептерінің атауын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Министр НЗМ оқу ордасы ретінде өзінің өміршеңдігін көрсеткенін және көптеген оң нәтижелері бар екенін атап өтті. Қазір бұл ұйымның қамқоршылық кеңесі ауысып жатыр. Министр кеңесте мектептердің атауын өзгерту және қаржыландыру мәселелерін көтеруге уәде берді.

“Қайта құру өте қиын. Сондықтан бұл мәселені әлі де зерттеп, дұрыс шешім қабылдаймыз. Менің ойымша, эмоцияға негізделген шешім қабылдамау қажет", – деді министр.

Естеріңізге салайық, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің атымен аталатын мектептердің, университеттің және қорлардың жоғарғы кеңесінің басшысы мәртебесінен айырылған еді.

Талқылау