Назарбаев Мәскеуде Путинмен кездеседі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«6-7 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Елбасы Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіндегі «Қазақстан» павильонына барады», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де.
Сонымен қатар Назарбаев Мәскеудегі Қала күніне байланысты мерекелік шараларға қатысады.
Тағы оқыңыз: Нұрсұлтан Назарбаев жайлы қызықты 12 дерек
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”