Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы қазақ билігіндегі өзекті мәселені ашық айтты: Мүмкін бұл менің кінәм шығар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында әлі күнге дейін билік тармақтары тарапынан бастама өте әлсіз екеніне қынжылды.

7bf65904c9ed645801e43c23e1f15a00-small

Мемлекет басшысы әрбір министрдің өз саласына жауап беретінін, жауапкершілігін мойнына алатынын айтты. Үкімет елдің экономикалық саясатына, барлық бағдарламалардың іске асырылуына толықтай жауапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Бүгін парламент жұмысын жаңа жағдайда бастағалы отыр. Өйткені парламент палаталары мен үкімет қосымша өкілеттіктерге ие болды, тиісінше жауапкершілік те күшейді. Мен сіздерге біздің мәселемізді ашық айтайын, мүмкін бұл менің кінәм шығар, билік тармақтары тарапынан бастама өте әлсіз. Өткен жолы үкіметті өзгерткен кезде бұл мәселені айттық, қазір де жағдай осы. Әрі қарай осы күйінде жалғасуы мүмкін емес”, — деді президент.

“Биліктің заң шығарушы тармағы және бақылаушы билік ретінде парламент өз өкілеттігін жүзеге асырады. Қазір негізгі жүк атқарушы билікке артылып отыр. Үкімет көпшілік заң жобаларының негізгі әзірлеушісі болып қалады. Десе де, депутаттар тарапынан заңнамалық бастамалар саны арта түсуде. Бұл жақсы үрдіс деп ойлаймын”, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Ерсайын Ерқожа Бауыржан Бәйбекті балаларға жағымпаздықты үйретпеуге шақырды

Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа айтқан бүлдіршін қыз жұртты сүйсінтті (видео)

Алматы мен Қызылорда тұрғыны қыздарды Түркияға жезөкшелікпен айналысуға апармақ болған

Талқылау