Назарбаев латын әліпбиіндегі и, й әріптерімен айналысуды тапсырды
Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында латын графикасымен айналысуды тапсырды.
Сурет: bnews.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Өткен жылы көптеген жұмыстар орындалды, оны өздеріңізде білесіздер». Ұйымдастыру іс-шаралары аяқталып, басым бағыттар анықталды. Жаңа латын әліпбиі қабылданды. Қазақ тілінде – «i» әрпінен басталатын іні, ілім деген сөздер бар. Латын әліпбиінде де осы әріп бар» – деді Назарбаев.
Елбасы жаңа әліпбиді қолданысқа енгізудің уақыты келгендігін айта кетті.
«Ағылшын тілінде біздің «е» әрпі «и» деп жазылады. Осыны неге пайдаланбасқа? «и»,«й» әріптерін нүктесіз ұсынғыларыңыз келе ме? Бұл қалай болады? Соны үйренген дұрыс. Мәселені шешу үшін латын әліпбиін енгізу керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұған дейін мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің артықшылықтары туралы әңгімелеп берді. Елбасы 2017 жылдың қазан айының аяғында қазақ алфавитін латын әліпбиіне ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды.
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы: Қуандық Бишімбаевты қатты аяймын
Елбасы Қаржы министріне: Бұл екінші ескерту, үшіншісі соңғы болуы мүмкін
Назарбаев министрге: мына жұмыстан шаршадың ба әлде?
Назарбаев Сағынтаевқа: жақсы баяндадың, бірақ “самокритика” жоқ