AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентін алды.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

“Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штаммы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр