Назарбаев қазақстандықтарды ақшаны тойға емес, тұрғын үйге жұмсауға шақырды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ақшаларын үйлену тойына емес, жас отбасыларға арналған тұрғын үйге жұмсауға шақырды.
Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасының жағдайы туралы әңгімелеп берді.
«Шымкентте 200-500 адамға арналған тойханалар салынды немесе салынып жатыр. Осы ақшаларды жастарға тұрғын үй алу үшін берген дұрыс. Бұл ең жақсы сыйлық», – деді Назарбаев.
Бұға дейін Назарбаев «7-20-25» деп аталатын бағдарламаны іске қосуды ұсынды. Бұл жаңа бағдарлама елдің әрбір азаматына пәтерді несиеге сатып алуға мүмкіндік береді.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев Астананың 20 жылдығын «шығынсыз» атап өтуді тапсырды
Ұлттық Банк «Qazaq Banki» АҚ-ның депозиттер мен шот ашу лицензиясын тоқтатты
Алматы әкімінен ескерту алған «Атакент» әкімшілігі танымал кафені бұзып тастады (фото)
Құранды жатқа оқудан өткен сайыста жеңімпазға көлік кілті табысталды