Назарбаев қазақша сөйлемеген Қызылорда әкіміне ескерту жасады
Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндамасын орысша бастаған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа ескерту жасады.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Отырыста Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қазақша сөйледі. Ал одан кейін сөз алған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндамасын орысша дайындаған екен.
“Сіз біздің алдымызда қойған негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру болып отыр…”, — деп Қырымбаевтың орысша бастаған сөзін Елбасы бөлді.
“Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың, ә”, — деді мемлекет басшысы.
“Қазақша білетінімді бәрі біледі ғой. Сізге экономикалық термин ыңғайлы болсын деп, рұқсат етсеңіз”, — деді облыс әкімі.
Президент “Ал, жарайды” дегеннен кейін Қырымбек Көшербаев орысша жалғастырып кетті.
Тағы оқыңыз:
Назарбаев министрге: мына жұмыстан шаршадың ба әлде?
Елбасы: Қуандық Бишімбаевты қатты аяймын
Елбасы Қаржы министріне: Бұл екінші ескерту, үшіншісі соңғы болуы мүмкін
Назарбаев Ақышевқа: Не рақмет? Сен мұны баяғыда істеуің керек еді