Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық өзгеріcтер жасады

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық ауыс-түйістер жасады.

Ондай да болады: Назарбаев отставкадан кейін президенттікке қайта оралғандар туралы айтты

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - елбасының шешімімен Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне, Есенеев Қайыргелді Қайратұлы - Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің басшысы қызметіне, Бейспеков Азамат Өмірзақұлы - Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен, Калинин Андрей Анатольевич - Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Ақпан, 2020 17:25
Талқылау