Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Фурманов көшесінің атауы туралы: мұның барлығы бос әурешілік

Президент Н. Назарбаев Фурманов көшесінің Назарбаев даңғылына ауысуы туралы пікірін білдірді. Бұл жайлы ол журналистерге берген сұхбатында айтты.

Президенттің айтуынша, тарихта ескерткішпен емес, істеген істермен есте қалу керек.

“Жақында біреу маған хат жазды. Назарбаев ескерткіштерді қажет етпейді, себебі ол астананы салды деген екен. Мен онымен толық келісемін. Мұның барлығы бос әурешілік. Мен әрдайым мұндайға қарсы болдым. Тек Назарбаев университетіне ғана келісімімді бердім. Оны Үкімет пен ел әрдайым қолдайтын болғандықтан. Басқа оқу орындарына үлгі болатын ең озық білім беру мекемесі болсын деген ниетпен”, -деді Назарбаев.

Сонымен қатар, университеттен басқа атаулардың барлығы жергілікті биліктің ісі екенін айта кетті.

“Әрине, мен мұның барлығына бұйрық беріп, тоқтата аламын. Қазір барлық қазақстандықтарға мұндай жасап қажеті жоқ дегім келеді. Керек емес. Тарихта ескерткішпен емес жақсы істермен қалу керек. Уақыт өткеннен кейін ескерткішке не болатынын барлығымыз білеміз”, – деді президент.

Ол, Алматының туған қаласы екенін де айта кетті.

“Барлығы үшін рақмет. Бірақ, мұндайдың қажеті жоқ”, -деді ол.

Фурманов көшесін ауыстыру 30 қарашада Алматы қаласы мәслихатында талқыланған болатын. Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, көше атауын ауыстыру туралы көптеген өтініш түскен. Әсіресе, жастардан.

Тағы оқыңыз:

Назарбаев: Тиімсіз банктердің банкрот болғаны дұрыс

Назарбаев: Бәрін Президентке жаба салған жеңіл 

Ахметжан Есімов “Самұрық-Қазына” Қоры басқармасының басшылығына тағайындалды

Талқылау