Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз ұсынысын айтса бір сәрі": Назарбаев блогерлерді жауап беруге шақырды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев блогерлерге үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

назарбаев

"Мәслихатқа келесі сайлау Мәжіліс сайлауы секілді партиялық тізімдер бойынша өтеді. Біз мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды өткізу және басқа да мажоритарлық жүйеге оралуды ұсынатын жекелеген оппоненттерді, блогерлердің айтқанын естідік. Осыған байланысты жауап беру керек. Мұнда негізделген дәлелдер жоқ, әдеттегідей тек пайымдаулар. Билікке айтылған сындар тек бос сөздер. Біреуі шығып, өз ұсынысын айтса бір сәрі. Және қалай істеу керегін көрсетсе", - деді Назарбаев Nur Otan саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. 

"Демократия жарқыраған жер деп санайтын Еуропада отыздықта жүрген отыз елдің басым бөлігі, мемлекеттердің 63 пайызы сайлауды жүйеге пропорционалды түрде өткізеді. Осыны білу керек. Айтпақшы, мажоритарлық жүйе бойынша сайлау көп жағдайда партия жүйесі өзі дамымаған, ал кез келген партия қандай да бір тұлғаға бағдарланған Азия елдеріне тән.

Пропорциялық модель саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді. Ол жалпы саяси партиялардың қызметін жандандырады. Партия жұмыс істеуі керек. Мәселелерді шешуге ұсыныс жасауы тиіс. Сол кезде халыққа беделі болып, қолдау да табатын еді", - дейді тұңғыш президент Nur Otan Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында. 

Сондай-ақ, ол партия басшысы барлық сайлау конституциялық мерзімде болатынын атап өтті. 

Талқылау