Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев бензин тапшылығы үшін Бозымбаевқа сөгіс жариялады

Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін премьер-министр бензин тапшылығына байланысты жауапты шенеунікті қызметінен босатып, мемлекет басшысынан Бозымбаевқа сөгіс жариялауды сұрайтынын айтқан еді.

“Бітпейтін сылтау. Мен мұнымен келіспеймін. Бұл жағдайды тікелей өз лауазымдық міндеттеріңді орындамау деп есептеймін. Жауапкершілік болу керек. Сондықтан мен келесідей шешім қабылдаймын. Үкімет мүшелеріне қатысты әкімшілік жауаптылық жөнінде шешімді Президент қабылдайтындықтан, мен Мемлекет басшысының атына Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы  ұсыныс енгіземін”, — деді Сағынтаев.

Тағы да оқыңыз:

Вице-министр: Халқымыздың үлкен бір бөлігі толығымен баспанамен қамтамасыз етіледі

Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

2018 жылдан бастап ақшалай төленетін көмек көрсетіледі

Талқылау