Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: балағын қысқартып, сақал қойған діндарларға исламның дінін түсіндіру керек

Имамдарымыз Сириядағы соғыстан жан сақтап елге қайтатын азаматтардың келуіне дайын болуы тиіс. Адасқандардың бетін абақтымен емес, дұрыс ақпарат, іліммен қайтару керек, деп хабарлайды КТК.

Елбасы бүгін жаңадан сайланған Бас мүфти Серікбай Оразды қабылдап дін қызметкерлерінің міндеттерін айқындап берді.

“Мақсат белгілі, білікті имамдар болса екен деп ойлаймын. Ол бір күнде бола салатын нәрсе емес. Сондықтан білім беру жағына көңіл аудару керек. Сосын мына радикалды көзқарастар дейміз ғой, солармен сөйлесіп, олардың жолы дұрыс емес екенін түсіндіретін, нақты сөзбенен, іспенен, адамдар керек. Сол жолдың не екенін түсіндірмесек жастар оның бәрін қайдан біледі?”, – дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент соңғы бірнеше жылдағы діни радикализммен күресті дінге қарсылық емес, мемлекеттілікті сақтау жолындағы қадамдар екенін халық арасында түсіндіру керектігін айтты.

“Біздің қалыптасқан діни мектебіміз бар. Орталық Азияда, қазақ мұсылмандық мектебінің Әбу Ханифа мәзхабы жолындағы жұмыстарымызды мейлінше жалғастыра беретін боламыз деп ойлаймын”, – дейді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстанда электронды виза енгізіледі

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилердің саны азаймай тұр

Алматыда тергеуші тәркілеген гауһар тастарды сатып жіберген

Талқылау