Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде ұл-қызға қырғидай тиетін педофилердің саны азаймай тұр

Тіпті оларды химиялық жолмен піштіру де шошытар емес. Бүгін бала құқықтары бойынша омбудсмен Зағипа Балиева балаларды жыныстық қатынасқа итермелейтін азғындарға қарсы күресте полицейлердің қауқарсыздығын сынға алды, деп хабарлайдыы КТК.

“Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар артып отыр. Мәселен зорлау деректері 100-ден 133-ке дейін көбейіпті. Өсім 33 пайыз. 2016 жылы педофилдерден 180 бала зардап шекті, бұл алдыңғы жылдан аз болғанымен елді педофилия жайлап тұрғаны анық”, – дейді Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Бүлдіршіндерге қатысты айуандықтың жиі қайталанатынын ескеріп, мемлекет педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заң қабылдауға мәжбүр болған. Ол алдағы қаңтардан күшіне енеді.

Стерилизацияның бұл түрі екпе жасау арқылы еркектік қуатын төмендету. Алайда емдік шаралар тоқтатылған соң, ағза қалпына келеді екен. Депутат сондай-ақ, Үкіметтен денсаулық сақтау мен түзету мекемелерінің кастрацияға дайындығы туралы есеп беруді сұрады.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда тергеуші тәркілеген гауһар тастарды сатып жіберген

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Талқылау