Назарбаев Астана атауын өзгертуден бас тартты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Астананың атауын ауыстыруға байланысты пікірін айтып өтті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Астана – бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес», – деді елбасы.
23 қараша күні Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын президент есімімен байланыстырып өзгерту ұсынысын талқылаған болатын. Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған. Елорданың атауын “Нұрсұлтан” немесе “Назарбаев” деп ауыстыру ұсынылды. Назарбаев Астана атауын өзгертуге қатысты пікірін айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Елбасы билік басында ұзақ отыр деген сынға қатысты пікірін білдірді
Назарбаевқа 25 млрд евро бергісі келген меценат осыншама ақшаны қайдан алғанын айтып берді
Алексей Ни ауыр атлетика құрамасының бас бапкерлігі лауазымынан кетті