Назарбаев Астанадағы биік ғимараттардың кімнің ақшасына салынғанын айтты
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы белгілі ғимараттардың құрылысына кімнің ақша бөлгенін айтты.
Фото: vechastana.kz
“Қазір көбісі ұмытып кетті. Мысалы, Сенат ғимараты бастапқыда араб ақшасына тұрғызылды. Ханзада 15 миллион доллар сыйлаған. Ол сондай-ақ, бізге шағын кардиоорталықты да сыйға тартты. Үкімет ғимараты бұл мұнай компанияларының консорциумы. Мен олардан Астананы салу үшін 25 миллион доллар сұрадым. Қазір ауылшаруашылығы министрлігі отырған ғимаратқа Кувейт көмектескен. Олар әкімдік ғимаратын салған кезде де 15 миллион доллар бөлген”, – деді Назарбаев “25KZ: Жаңаша тарих” фильмінде.
Мемлекет басшысы сонымен қатар, “Салтанат сарайының” Оман үкіметінің ақшасына тұрғызылғанын да айтты.
“Оман үкімет басшысы 10 миллион доллар берген. Мен ол чекті басқарушыға бердім. Ол бұл не үшін керек дейді. Мен айттым, бар да ғимарат сал. Сосын “Салтанат сарайы” бой көтерді. Дәл солай түрік компаниялары да, басқалары да бізге көмек берді. Барлығын қоса есептегенде 300 миллион доллардай жұмсалды”, – деді Назарбаев.
Оқи отырыңыз:
Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)
Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады
Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)
Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады