Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астана атауын өзгертуге қатысты пікірін айтты

Мемлекет басшысы депутаттардың бастамасына сүйсінгенін айтты, алайда атуды өзгерту мәселесіне ақылмен қарау керектігін атап өтті.

2e730b2130a127d77ae2404407d63656
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламент депутаттарының Қазақстанның елордасы Астананың атуын оның құрметіне ауыстыру турлы бастамаға пікір білдірді.

Бір күн бұрын, 23 қараша күні Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын президент есімімен байланыстырып өзгерту ұсынысын талқылаған болатын. Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған. Елорданың атауын “Нұрсұлтан” немесе “Назарбаев” деп ауыстыру ұсынылды.

“Бірдеңе болса, соған “нұр”, “нұрлы” деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыммен байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды. Бүкіл жерге “нұр”, “нұрлы” деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін және ол туралы тіпті айтқан емеспін”, — деді Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қызметінің мәселелері жөніндегі отырыс барысында.
Назарбаев елорда атауын өзгерту туралы: мен ешкімге ондай ұсыныс айтқан емеспін.

“Парламент – бұл биліктің дербес бөлігі, олар шешім қабылдауға, өз пікірлерін білдіруге құқылы. Кез келген мәселе, әсіресе қала, елді мекендердің атауын өзгерту мәселесін біз салмақтап, мемлекет үшін, ел үшін ненің қажет екеніне қарай ретімен шешеміз”, — деді президент.

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев: Балаларым мұрагер болады деп санамаймын

Атырау облысында ауруханаға жатқызбай қойған екіқабат келіншек көз жұмды

Теңге бір тәулік ішінде ең жоғарғы шекке дейін қымбаттап кетті

Аязда адамдарды тегін тасыған атыраулық ерікті жоғалып кеткен әйелді құтқарып қалды

Талқылау