Назарбаев: Адамдарға бизнеспен айналысуды үйрету керек
Бүгін, 15 мамырда, Елбасы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Жиын барысында мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының экономикалық тұрғыда дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, өңірдегі тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағыттылған жұмыстарды жалғастыру керектігін айтты.
«Азаматтардың әл-ауқаты тұрғын үй құрылысына да байланысты болады. Соңғы бес жылда облыста бір жарым миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгені қуантарлық жәйт. «Бес әлеуметтік бастаманы» іске асыру арқылы біз құрылыс қарқынын арттыратын боламыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы шағын және орта бизнес секторындағы диспропорцияға назар аударды.
«Орал қаласы мен Бөрлі ауданы шағын және орта бизнес өндіретін бүкіл өнімнің 90 пайызын өндіріп отыр. Қалған 11 ауданға 10 пайыз тиесілі. Адамдарға бизнеспен айналысуды үйретіп, кәсіпкерлерді қолдауға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар бар екенін көрсету керек. Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Оқи отырыңыз:
Үй қамауына алынған Жомарт Ертаев өзіне қандай қауіп-қатер төніп тұрғанын айтты
Назарбаев 92 жастағы Малайзия Премьер-Министрін жеңісімен құттықтады
Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті