Назарбаев 270 миллиард теңгеге Франциядан вилла сатып алмақ болған
Скрин: вДудь YouTube-арнасы
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Лазур жағалауындағы әйгілі вилланы 500 миллион долларға сатып алмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі вДудь YouTube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мұны ресейлік кәсіпкер Шалва Чигиринский айтты. Ол вилланы 2001 жылы 1965–1997 жылдары Заирді басқарған бұрынғы африкалық диктатор Мобуту Сесе Секоның отбасынан 14,5 миллион долларға (7 миллиард 858 миллион теңге) сатып алған.
Жер аумағы 3,2 гектар. Виллада 15 жатын бөлме бар. Ол 28 қонақты қабылдауға лайықталған. Сондай-ақ қонақтарға арналған үйде 6 бөлме бар. Онда қосымша 12 адам тұра алады. Автотұрақта 8 көлікке орын қарастырылған.
Назарбаев тұсындағы соңғы үкімет: Бұрынғы министрлер қазір қайда
Ресейден кеткен соң Чигиринский бұл вилланы "Газпромнефтьке" 70 миллион долларға сатуға мәжбүр болған. Кейін онда ресейлік спортшы Алина Кабаева тұрған. Қазір жылжымайтын мүлік жалға беріліп жатыр. Алайда бұл мүлікке тыйым салынған. Францияда тергеу жүріп жатыр екен.
"Назарбаевтың адамдары үйді алу үшін маған әлдеқайда қымбат баға ұсынды. Оның бағасы әлдеқайда жоғары болды. Тіпті жарты миллиардқа дейін бермек болды. Олар бұл қаржыға Францияның оңтүстігінен жазғы резиденция сатып алғысы келді. Оларға тікұшақ қонатын алаң, екі бассейн, көп жатын бөлме қажет болды. Бұл вилла барлық параметрі бойынша бірегей, мұндай виллалар жоқ", – деді кәсіпкер.
Айта кетейік, бұған дейін Бурабайда Назарбаевтар әулетіне тиесілі элиталық жер телімдері анықталғаны туралы жазған едік.

"Балам өзін қауіпсіз сезінуі үшін 5 миллион төлеймін": Астаналық ата-ана Нұр-Орда жекеменшік мектебіндегі буллингке шағымданды
