Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай,бұршақ, жаңбыр: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазақстан бойынша 23-25 сәуіріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері солтүстік өңірлерде солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтап, түнде ауа температурасы минус 5-10 градусқа дейін төмендейді. Ал республиканың қалған аумағында Жерорта теңізі аймағынан ығысатын циклоннан жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауады.

Елдің шығысы мен орталығында қар аралас жаңбыр, тұман және көктайғақ, ал оңтүстікте найзағай, бұршақ және қатты жел болжанып отыр.

Кезең соңына қарай оңтүстік өңірлерді қоспағанда, елдің басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстікте +10...+18 градусқа дейін, ал батыста – +20...+25 градусқа дейін.

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде ауа температурасы +2, күндіз +8 градус.

Алматыда түнде аздаған жаңбыр жауады, күн бұлтты. Күндіз +25, түнде +17 градус.

Шымкентте күн бұлтты, түнде +16 градус, күндіз +26 градус.

Талқылау