AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайта 30 градусқа дейін ысиды: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 26-28 сәуір күндері елімізде күн жылынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алдағы күндері антициклон келеді. Бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа массаларының белсенді жылынуына ықпал етеді. Күндіз еліміздің солтүстігінде 20-25 градусқа дейін жылынса, орталықта ауа температурасы 15-23 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте 23-30-ға дейін жылу, батыста 20-28 градус жылу күтіледі. Ал шығыста ауа температурасы 10-18, ал оңтүстік-шығыста 17-25 градусқа дейін жылынады.  

Республиканың батысы мен таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман болжанады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл мен жел күшейеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр