Найзағай соқты: Қарағандыда аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды
Қарағандыда аялдамалардың бірінен ер адамның денесі табылды. Облыстық полиция департаменті ер адамның өлімінің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
фото: ашық дереккөз
Ер адамның денесі табылғаны туралы ақпаратты блогер Денис Денски өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"Бүгін кешке біздің оқырман Қарағандыдағы "Көгілдір тоғандар" аялдамасында ер адамды найзағай соғып, мерт қылғаны туралы хабарлады. Майқұдық ықшам ауданының полицейлері марқұмның туыстарын іздестіруде. Жігіттің телефоны болған, ол қосылмай тұр. Өйткені найзағай кезінде смартфонға зақым келген. Біз барлық мәліметтерді анықтайтын боламыз", – деп жазды блогер.
Облыстық полиция департаменті адам денесін табу фактісін растап, бірақ ер адамның өлімінің себебін түсіндірмеді.
"Көшеден ер адамның денесін табу фактісін полиция тіркеді. 1977 жылғы ер адамның кім екені анықталды, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалдып, мән-жайлар анықталу үстінде", - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің жауабында.