"Найзағай соғып, жаңбыр жауады": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Фото: Ru.freepik.com
“Қазгидромет” мамандары алдағы күндері Қазақстан аумағында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кезеңнің басында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай соғып, жаңбыр жауады.
9 шілдеде республиканың солтүстігінде, орталығында, 20 шілдеде еліміздің шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Сондай-ақ дауылды жел соғады деген болжам бар. Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжиды. Әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады.
Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С-қа дейін, солтүстік-батыста және шығыста 40°С, оңтүстік-шығыста 42°С-қа дейін жетеді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі