Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Найзағай соғып, қар жауады: Астана, Алматы мен Шымкентте ауа райы болжамы қандай

“Қазгидромет” алдағы үш күнге Алматы, Астана мен Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com

Болжамға сәйкес, 24 наурызда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын мен қар жаууы мүмкін. 

“Оңтүстік Қазақстанда нөсер жаңбыр жауады. Сондай-ақ оңтүстік-шығыс пен батыста да қар аралас жауын жауыы ықтимал”, – делінген хабарламада.

Республикада тұман түсіп, қатты жел соғады. Еліміздің солтүстігінде көктайғақ болса, оңтүстікте найзағай соғады. 

Дүйсенбі күні Астанада көшпелі бұлт жүріп, қар жауады. Қатты боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -6-8°, күндіз -1-3°.

25 наурыз күні де көшпелі бұлт болады. Бірақ жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз 0+2° жылы болады.

26 наурыз күні елордада көшпелі бұлт жүреді. Жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын желдің екіпіні секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12°, күндіз +5+7°.

Алматыда 24 наурызда күні бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +7+9°, күндіз +13+15° жетеді.

25 наурызда көшпелі бұлтты жүріп, өткінші қар аралас жаңбыр жауады. Тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -1+1°, күндіз +4+6° көрсетеді. 

26 наурыз күні Алматы шаһарында көшпелі бұлт жүргенімен, күн жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°, күндіз +4+6°.

Шымкентте 24 наурыз күні нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°, күндіз +15+17° көрсетеді.

25 наурызда көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метрге дейін жел соғады, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +6+8°, күндіз +10+12°.

26 наурыз күні де жауын жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метрге дейін жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°, күндіз +8+10° көрсетеді.

 

 

 

 

Талқылау