Найзағай ойнап, тұман түседі: Қазақстанның бірқатар аймағында ауа-райы бұзылады
Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 13 қыркүйекте найзағай ойнап, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елдің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда. Республиканың батысы мен шығысында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе және Ақмола облыстарының кей жерлерінде күн күркіреуі мүмкін. Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мегаполистердегі ауа-райы
13 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда жауын-шашынсыз ашық ауа райы болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 3-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде + 8-9 градус, күндіз 22-24 градус нөлден жоғары.
Алматыда 13 қыркүйекте күн бұлтты болады, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады. Жел секундына 2-9 метр. Түнде ауа температурасы + 14-15 градус, күндіз - 21-22 градус жылы болады.
Шымкентте 13 қыркүйекте күн ашық болады деп күтілуде. Жел секундына 1-10 метр. Түнде ауа температурасы + 13-14 градус, күндіз-25-28 градус нөлден жоғары.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
