"Найзағай ойнап, бұршақ жауады": "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
"Қазгидромет" 5-7 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің солтүстігінде әлі де көктемгі ауа райы орнамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстікте күн суытса, батыста жаңбыр жауады. Сондай-ақ солтүстік-батыс антициклоны түнгі температураның төмендеуіне әсер етеді.
Екі ауа ағынының соқтығысуы аясында, батыс өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауып (кей жерлерде қатты), найзағай ойнайды және екпінді жел күтіледі.
Талқылау
Пікір