Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Найзағай мен екпінді жел": Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады

Қазгидромет еліміз бойынша 28-30 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша ел аймақтарының батысында ғана жауын шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет pexels-тен алынған

Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады деп болжануда.

Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін салқындық сақталады.

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 градус жылынып, таулы аудандарда 8-13 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Талқылау