Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурызға дейін тиіспеймін: Анасы Қайрат Нұртасқа алғаш рет ұзақ демалыс берді

Сахнада жүргеніне 10 жылдан асқан Қайрат Нұртас осы уақытқа дейін ұзақ уақыттық демалыс алып көрмеген. Хитмен күндіз-түні тынбай жұмыс істеуге үйренген. Ал биыл анасы оған екі айға жуық демалыс бергенін айтады.

Наурызға дейін тиіспеймін: Анасы Қайрат Нұртасқа алғаш рет демалыс берді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Қол тиіп, Қайратты біраз демалдырып, денсаулығын реттеп болғаннан кейін көктемде жұмыстарымызды бастаймыз. Клип, кино, ән жағынан”, – дейді Гүлзира Үсенқызы ағынан жарылып.

Тыңдармандары Қайраттың үнемі жұмыста жүретінін біледі. Жұбайы Жұлдыз да осы уақытқа дейін Қайратты айына 3-4 күннен ғана көріп келгенін сұхбатында айтқан болатын. Ал биыл жұлдызды келіннің күйеуімен біраз уақытты бірге өткізуіне мүмкіндігі бар. Себебі:

“Қайрат демалады. Оның бармаған жері жоқ. Жыл сайын Түркияға барып демалады, Мальдив аралдарының ең керемет жеріне барды, Дубайда болды. Бірақ 10 күн оған аз боп қалатын. Осы жолы 1-2 ай демалады деп айттық. Наурызға дейін тиіспеймін дедім. Шетелде демалып, біраз денсаулығына қарап жүретін шығар”, – дейді Айдарбекова.

Бұдан бөлек, продюсері әрі анасы Қайраттың шығармашылығындағы тың өзгерістер жайлы айта кетті.

“Қазір Қайратқа шетелден көп әншілер шығып жатыр. Дуэт болсақ деп. Кім екенін айтпай-ақ қояйын, мықты-мықты әншілер. Өзіміз де таңғалып жатырмыз”, – дейді Қайраттың анасы.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Жұма, 18 Қаңтар, 2019 14:53
Талқылау