Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 қарашада “Наурыз” бағдарламасы қайта басталады

3 қарашадан бастап “Наурыз” бағдарламасы қайта басталады

Фото: depositphotos.com

3 қарашадан бастап “Наурыз” және “Наурыз Жұмыскер” ипотекалық бағдарламалары бойынша қосымша өтінім қабылдау басталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Отбасы банк” мәліметін сәйкес, бұл жолғы қабылдауға көктемгі іріктеуден өтпеген азаматтар да қатыса алады.

Басты шарты – соңғы бес жылда өтінім берушінің және оның отбасы мүшелерінің атына тіркелген тұрғын үй болмауы.

Ипотека шарты бойынша, таза әрлеудегі жаңа тұрғын үйге – 10%-дан бастап, екінші деңгейлі тұрғын үйге – 20%-дан бастап бастапқы жарна қарастырылған. 


Қазақстандық банктер уақытша үзілістен кейін ипотека беруді қайта бастады


Сыйақы мөлшерлемесі:

әлеуметтік осал топтар үшін – 7%

басқа азаматтар үшін – 9%

Несиенің мерзімі: 19 жылға дейін

Қарыз сомасы өңірлерде – 30 миллион теңгеге дейін, ал  Астана мен Алматыда – 36 миллион теңгеге дейін.

Бағдарламаға қатысу үшін “Отбасы банкінде” кемінде 2 миллион теңге көлемінде депозит болуы қажет және соңғы алты айдағы ресми табысыңыз расталуы тиіс.

Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек құрылыс компанияларынан жаңа тұрғын үй сатып алуға болады. Қалған өңірлерде – кез келген тұрғын үйді, соның ішінде екінші нарықтағы пәтерлер мен жеке үйлерді сатып алуға мүмкіндік бар.

“Наурыз” бағдарламасына қатысу өтінімдері онлайн форматта, банктің ресми сайтындағы Baspana Market бөлімінде қабылданады.

Өтінім беру мерзімі – 3 қарашадан 1 желтоқсанға дейін.

Деректер мен тұрғын үйдің мәртебесі тексерілгеннен кейін балдық жүйе бойынша конкурстық іріктеужүргізіледі. Бағалау кезінде мына көрсеткіштер ескеріледі:

- депозит мөлшері,

- отбасылық жағдай,

- балалардың бар-жоғы,

- жасы (35 жасқа дейінгі үміткерлерге басымдық беріледі),

- әлеуметтік осал топқа жататыны.

3 қарашадан бастап “Наурыз Жұмыскер” бағдарламасы бойынша да өтінім қабылдау басталады. Бағдарлама жұмысшы мамандық иелеріне арналған. Өтінімдер “Отбасы банкінің” филиалдарында қабылданады.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда қараша айында 7–9% мөлшерлемемен ипотекаға өтінім қабылдау қайта басталатыны туралы жазғанбыз.

Оған қоса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету нормасы 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылатынын мәлімдеген. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 18:52
Талқылау