Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурыз айында еліміздегі инфляция деңгейі рекордтық деңгейге жетті

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда ішкі жалпы өнім 4,4%-ға тең болды. Ал инфляция деңгейі наурыз айы бойынша рекордтық деңгейге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тауар

Наурыз айының қорытындысы бойынша инфляция 12%-ға тең болған. Бұл 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр. 

"Қазақстанда инфляция деңгейі 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Бір айда 8,7%-дан 12%-ға жеткен. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары айтарлықтай үлес қосқан. Баға өсімі 10%-дан 15%-ға жетті. Жоғары жылдық баға өсімі мына тауарларда байқалады: қырыққабат, қант, картоп пен қызанақ", –  деді Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов. 

Наурыз айының төртінші аптасының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 18,6%-ға дейін өскен. Баға өсіміне наурыздың екінші аптасындағы тауарларға деген сұраныс айтарлықтай әсер еткен. Өзге де тауарлар бағасы 8,6%-дан 10,9%-ға көтерілген. 

Ақылы қызмет бағасының өсімі 8,3%-ға пайызға жетті, бұл нарықтағы бірқатар қызметтің қымбаттауына әсер еткен. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 12 Сәуір, 2022 09:20
Талқылау