"Науқастарды сайлауға байланысты ауруханадан шығармай жатыр": Министрлік желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі "пациенттерді сайлауға байланысты ауруханаларда қалдырады" деген хабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

 

Telegram желісінде ауруханаларда пациенттерді медициналық мекеме аумағындағы сайлауға қатысу үшін босатпай жатыр деген ақпарат таралды.

Мұндай ақпараттың таралу көзі WhatsApp мессенджеріндегі хат болған. Онда желі қолданушысының бірі анасын сайлауға қатысу үшін ауруханадан шығармай жатқаны айтылады. Ауруханада барлығын жексенбіге дейін дауыс беру үшін ұстайды делінген.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство оның шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

"Барлық пациент өз стационарларына орналастырылды. Барлық өңірлер бойынша стационарларға жатқызу және шығару жоспарлы режимде жүріп жатыр. Пациенттерге сайлауға байланысты ауруханадан шығару кейінге қалдыру жағдайлары болған жоқ", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр