"Науқастар ақ халаттылар бізге қызмет етуге міндетті деп ойлайды": Қазақстандық дәрігер еліміздегі қазіргі жағдайды айтып, көзіне жас алды
Дәрігер-пульмонолог Сапаркүл Ералықызы елімізде карантин шаралары енгізілгеннен бастап күні-түні науқастарды емдеумен келеді. Баласын осы күнге дейін көрмеген ана халқына қызмет етуді өзінің дәрігерлік міндеті деп біледі. Өзі де індетті жұқтырып, әрең оңалғанына қарамастан, жазыла сала жұмысына қайта кірісіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Теміржол ауруханасында қызмет ететін жоғары дәрежелі пульмонолог-дәрігер алғашқы карантин уақытында 2 ай күйеуіңі мен баласын көрместен науқастарды емдеді. Сөйтіп жүріп осы індетті өзі де жұқтырып өкпесінің 45%-ы зақымданған. Аурып жатқанына қарамастан түрлі арналар мен әлеуметтік желілерде онлайн-кеңестерімен де бөлісуден шаршамады.
"Күн-түн демей еш қорқынышсыз жұмыс істедік. Әрине өзім пульмонолог дәрігер болған соң біздің салада пульмонолог дәрігерлердің аздығын білемін. Сондықтан осы індет кезінде ешкім қарап жатпады, пулмонологсың ба, басқа сала болсын. Қолында медициналық қызметкер документі болса, бітті, барлығы алдыңғы шеңде жүрді. Мына Covid-19 салдарынан менің қаншама ұстаздарым өмірден өтті. Әрбіріне қайғырып көңіл айтамын, жылап та аламын олар үшін", - деді дәрігер-пульмонолог Сапаркүл Ералықызы.
Сөзінше, науқастар көбіне дәрігерлер ауырмайды, олардың қорғанышы бар, бізге қызмет етуге міндетті деп ойлайды.
"Менде қара күшіме сеніп, 15 жыл пульмонолог болғандықтан денсаулығым зор деп өзіме, өз денсаулығыма қатты сендім. Бірақ бұл вирус мені де, менің отбасымды да жәй қалдырмады. Өзім 45%, күйеуім 70% өкпеміз зақымданып, әлі де жолдасым емделіп келе жатыр. Аллаға шүкір қазір жазылып ортаға қосылып жатырмыз". - деп қосты маман.
Бүгінгі күні елімізде короновирус індетінен 54404 науқас жазылып шықты. Кеше 748 науқас айығып ауруханадан шығып отбасына оралды. Барлық сауығып шыққан науқастар атынан дәрігерлер мен медицина саласы қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Қазіргі кезде 16 мыңнан аса дәрігерлер, медбикелер, кіші медициналық персонал, санитар-дәрігерлер, еріктілер де ел басына ауыр жағдай түскенде күндіз-түні айлап отбасын көрмей аяғынан тік тұрып қызмет етуде.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
