Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

НАТО-ның әскери комитетінің бұрынғы басшысы Чехия президенті болып сайланды

Сенбі, 28 қаңтарда Чехияда президенттік сайлауында дауыс берудің екінші туры аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Czech Radio арнасына сілтеме жасап.

петр павел

Сайлау нәтижесі бойынша Чехия әскері бас штабының бұрынғы бастығы және НАТО әскери комитетінің бұрынғы басшысы Петр Павел жеңіп, президент атанды.

Петр Павел 58,32% және оның бәсекелесі, елдің бұрынғы премьер-министрі Андрей Бабишті 41,68% жинаған.

Петр Павел Чехиядағы сайлау тарихында ең көп дауыс жинады.

61 жастағы саясаткер 9 наурызда Прага сарайында ант береді. Ол Милош Земанның орнына келеді. Земан осыған дейін Ресеймен жақын қарым-қатынасы үшін сынға қалды.

"Чехияны қайтадан батысшыл президент басқарады. Әскери адам кронды еуроға ауыстыруды, Украинаға қару-жарақ жеткізуді қолдайды. Сайлау науқаны кезінде ол бір жынысты некені заңдастыруға қарсы емес екенін айтты", – делінген телеарна сюжетінде.

Талқылау