Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

НАТО Бас хатшысы: Путин соғыста жеңіске жететін болса бізге қауіп төнеді

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) бас хатшысы Йенс Столтенберг Мәскеудің наразылығына қарамастан Украинаны аляньс мүшелігіне не себепті жақындатып отырғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі UNIAN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

НАТО Бас хатшысы Путин соғыста жеңіске жететін болса, үлкен қауіп қатер туындауы мүмкін екенін айтты. 

"Себебі ол Украинаны жеңсе халықаралық құқықты бұзып, кез келген елдің шекарасына қалағанынша баса көктеп кіруге болады деп ойлайды. Сондықтан ұйымға мүше елдердің Украинаны қолдауы маңызды. Өйткені Путин жеңсе, Украина үшін трагедия. Бұл біз үшін қауіпті. Олар жеңіске жетсе біздің ұйымның осал болары анық", - деді Столтенберг.

Ол Украинаның қауіпсіздік шараларын таңдауға құқығы бар екенін ерекше атап өтті. 

Талқылау